Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы
“Еңбек” бағдарламасы аясында тұрақты жұмысқа орналасу

Омарғалиева Дана Қабдұлмұхитқызы – провайдер болып жұмыс істейді.
Еңбек нарығына бұл мамандық заманауй технологияның дамуымен байланысты пайда болған кәсіптің бірі.
Ол-интернет қызметін ұсынушы,электронды пошта қызметін жарнамалаушы,электрондық поштаның қызметін баптаушы және құрастырушы.Сондықтан, бұл мамандық қазір сұранысқа ие.

Дана Қабдұлмұхитқызының бұл жұмысқа орналасуына Халықты жұмыспен қамту орталығы мамандары жәрдемдесті. Орталыққа жұмыс іздеп жүгінген Данаға “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы аясында “Азаматтарға арналған үкімет “мемлекеттік корпорациясы” КЕАҚ Нұр-сұлтан қаласындағы филиалына жұмысқа орналасуға жолдама берді. Сұқбаттасудан кейін Халыққа қызмет көрсету жөніндегі маман болып тұрақты жұмысқа орналастырылды. Қазір ол 90000 теңге жалақы алады.

“Азаматтарға арналған үкімет “мемлекеттік корпорациясы” КЕАҚ “бір терезе”қағидаты бойынша жеке және (немесе) заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметті жүзеге асыратын бірыңғай провайдер болып табылады.

Егер сіз жұмыс іздеп жүрген болсаңыз, ҚР-ның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.kz интернет порталында бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді өз бетінше қарап білуге болады. Заманға сай, өзіңізге жеке кабинет құрыңыз және қашықтан жұмыс іздеуді белсенді жүргізіңіз.
Елордадан жұмыс іздеп жүрсеңіз, жұмыспен қамту Орталығына келіңіз! Бірге жұмыс іздеп көрейік!
Толық ақпарат алу үшін байланыс телефондары:8(7172) 57-86-95; 8(7172) 57-88-88. Жұмыс күндері: дүйсенбі-жұма.Жұмыс уақыты: 08:30-18: 00 (Түскі үзіліс 13.00-14.30)
Мекенжайы: Бейбітшілік көшесі, 25, “Өркен”БО

Жарияланған күні: 2021-14-12 сағат 13:40
Сілтеме https://czn.kz/e-bek-ba-darlamasy-ajasynda-t-ra-ty-zh-mys-a-ornalasu-11/
Хабарламаға жазылыңыз
Қаріп түрі:
Әріп аралығы:
Қаріп өлшемі:
Сайттың түсі:
Суреттер: