Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы
“Еңбек” бағдарламасы аясында тұрақты жұмысқа орналасу

Жыл басынан бүгінгі күнге дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінң Халықты жұмыспен қамту орталығы 10 936 азаматты жұмысқа орналастырылды, оның – 6 784-і тұрақты жұмыс тапты.
Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыс тапқанның бірі
Ибраева Рысбике Тілеутайқызы.

“Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы аясында “Адам Партнерс” ЖШС тұрақты жұмыс орнына фармацевт болып жұмысқа орналастырылды. “Адам Партнерс” ЖШС – Адам Плюс дәріхана желісі. Халыққа фармацевтикалық көмек көрсетуде өз қызметін жүзеге асырады. Фармацевтикалық көмек емдеудің ең тиімді, қауіпсіз және экономикалық негізделген курсын анықтау мақсатында дәрігер мен пациентке кеңес беруді жүзеге асырады.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары Жұмыспен қамту орталығының қызметін қашықтықтан пайдалана алады. Ол үшін «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы (www.enbek.kz) тіркеліп, бос жұмыс орындарын таңдайды немесе жұмысынан айрылған жағдайда әлеуметтік төлемдер тағайындау қызметтерін пайдалана алады.
Егер сіз жұмыс іздеп жүрсеңіз, жұмыспен қамту Орталығына келіңіз! Бірге көрейік!
Ақпарат алу үшін орталықтың Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бөліміне хабарласып білуіне болады. Тел: 57-88-88, 57-86-95,8 777 116 82 76; 8 777 116 82 73.
Жұмыс күндері: дүйсенбі-жұма
Жұмыс уақыты: 08:30-18: 00 (Түскі үзіліс 13.00-14.30)

Жарияланған күні: 2021-26-11 сағат 18:41
Сілтеме https://czn.kz/e-bek-ba-darlamasy-ajasynda-t-ra-ty-zh-mys-a-ornalasu-10/
Хабарламаға жазылыңыз
Қаріп түрі:
Әріп аралығы:
Қаріп өлшемі:
Сайттың түсі:
Суреттер: