Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-сі және «AMANAT» партиясының жастар қанаты «Жастар Рухы» бірлесе отырып, жастарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізеді.
Жастарды 2023 жылдың 14 шілде күні, сағат 16:00-ден 20:00-ге дейін Әзірбайжан Мәмбетов көшесінде (Арбат- жаяу жүргіншілер көшесі) өтетін бос жұмыс орындар жәрмеңкеге шақырамыз!
Жәрмеңкеде білім, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, ақпарат және байланыс, сауда т.б. салалардағы бос жұмыс орындары ұсынылады.